Цифрландыру әскери бөлімдер жұмысын оңтайландырады – полковник

25 Қараша 2019, 09:36
1767
Бөлісу:
Цифрландыру әскери бөлімдер жұмысын оңтайландырады – полковник

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  "Цифрлік армия – 2020" бағдарламасын іске асыру және заманауи технологияларды қолдана отыра әскерді тиімді басқару щеңберінде "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде деректер базасын есепке алу бойынша бағдарламаларға оқыту жүргізілуде.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша бес күндік курстардың барысында қызмет бастықтары, қойма бастықтары мен материалдық жауапты әскери қызметшілермен сабақтар ұйымдастырылды. Олар "Қазақстан ГИС центр" акционерлік қоғамымен құрастырылған бағдарламалық жасақтамаларда қару-жарақтың, әскери техниканың деректерін, оқ-дәрілерді есепке алу бойынша оқытудан өтті.

Әскери техника мен ресурстар есебінің автоматизациялануы әскери бөлімдердің жұмысын анағұрлым оңтайландыратын болады. Сонымен қоса, ол бөлім командирлеріне қарамағындағы қызметтердің жағдайын нақты бағалап, қолындағы өзекті және дәл ақпараттардың арқасында дұрыс шешімдерді қабылдауға септігін тигізеді, - деді "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров.

Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлік технологиялардың енгізілуі Қазақстан Республикасының президенті – Жоғарғы Бас қолбасшының жалпымемлекеттік "Цифрлік Қазақстан" бағдарламасына сәйкес жоспар бойынша енгізіліп жатыр.

 


Өзгелердің жаңалығы