Цифрландыру аккредиттеу уақытын 2-3 есе қысқартады

9 Шілде 2020, 14:22
1852
Бөлісу:
Цифрландыру аккредиттеу уақытын 2-3 есе қысқартады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында жариялағандай, 2020 жылғы 13 шілдеде ұлттық аккредиттеу орган жұмысының жаңа форматы күшіне енеді - сәйкестікті бағалау саласындағы субъектілерді электрондық аккредиттеу жүйесі іске қосылады. Осыған орай ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов еліміздегі аккредиттеу мәселесі жайлы айтты.

Аккредиттеу бойынша өтінім беруден бастап аттестатын алғанға дейінгі барлық кезеңдері мен процестері тек қана электрондық түрде жүзеге асырылатын болады. Өтінімдерді, қорытындыларды, есептерді, жоспарларды, шарттарды, қосымша келісімдер мен аккредиттеу аттестатын қалыптастыру және оларға қол қою тек электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, электрондық түрде жүзеге асырылатын болады. Демек, барлық өтініш берушілердің, аккредиттеу субъектілерінің және аккредиттеу жөніндегі орган қызметкерлерінің жүйеде жұмыс істеу үшін ЭЦҚ болуы тиіс. Сондай-ақ, өтінім беруші/аккредиттеу субъектісі автоматты түрде тіркеумен және өтінім нөмірін берумен онлайн режимінде өзіне ыңғайлы кез келген уақытта өтінім бере алады. Және одан әрі орындау мәртебесін дербес бақылай алады. Яғни енді ҰАО хат қабылданғаны немесе қабылданбағанын, жетекшісі тағайындалғаны немесе тағайындалмағанын, келісім-шартқа қол қойылды немесе қойылмағанын және т. б білу үшін қоңырау шалу керек емес болады, - деді министр.

Бұдан басқа, электрондық аккредиттеу жүйесі өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері бойынша шынайы және өзекті ақпарат алу үшін мемлекеттік дерекқорлармен біріктірілген.

Аккредиттеу процестерін цифрландыру аккредиттеу субъектілері үшін аккредиттеу нәтижелерін алуды күту уақытын, сондай-ақ аккредиттеу материалдарын (қағаз, картридж және т.б.) басып шығаруға арналған шығындарды, нотариаттық іс-әрекеттерге және құжаттарды жіберуге арналған шығындарды едәуір қысқартуға және басқа да артықшылықтарға мүмкіндік береді. Цифрландыру аккредиттеу процесінің уақытын (кем дегенде 2-3 есе) қысқартуға мүмкіндік беріп қана қоймай, аккредиттеу жөніндегі орган қызметкерлерінің де, аккредиттеу субъектілерінің де барлық іс-қимылдарын бақылауға және мониторингтеуге мүмкіндік береді. Бірақ ең бастысы-құжаттарды бұрмалау және қолдан жасау мүмкіндігін болдырмайды, аккредиттеу субъектілерінің жауапкершілік деңгейін арттырады. Және аккредиттеу субъектілерінің стандарттар мен техрегламенттер талаптарының орындалуына толыққанды мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді, - деді ол.

Ол бұл мәселені тарқата айтып отыру себебін де түсіндірді.

Неге бұны егжей-тегжейлі жазып отырмын? Бізге бизнестің ел ішінде де, одан тыс жерлерде де бәсекеге қабілетті сапалы өнім өндіру қағидасын қабылдауы өте маңызды. Ел азаматтары тамақтанатын, киетін немесе қолданатын өнімдердің сапасы неғұрлым жоғары болса, олардың қауіпсіздігі, олардың өмір сүру деңгейі соғұрлым жоғары болады. Сауда министрлігі сапа стандарттарын әзірлеу жөніндегі уәкілетті орган ретінде бизнестің стандарттарға сәйкестігін растау үшін сапаның "пішін карталарын" және қолайлы жағдайларға қол жеткізуі үшін барлық мүмкіншіліктерді жасауға тырысамыз.
Ал негізгі қадамдар өндірушілердің қолында! - деді Бақыт Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы