«Цефтриаксон» препаратынан 18 адам көз жұмғаны рас па?

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда «Цефтриаксон» антибиотигін алғаннан кейін 18 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 Қаңтар 2023, 14:44
АВТОР
 stopfake.kz 16 Қаңтар 2023, 14:44
16 Қаңтар 2023, 14:44
1683
Фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда «Цефтриаксон» антибиотигін алғаннан кейін 18 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Препаратты дәріханалардан жаппай ала бастаған екен. Бұл олай емес.

Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі теріске шығарды.

Цефтриаксонның» жағымсыз әсері салдарынан көз жұмған пациент туралы карт-хабарламалар (сары карталар) тіркелген жоқ. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне мұндай шағымдар түскен жоқ, – деп хабарлады ведомстводан.

«Цефтриаксон» – бұл сепсис, менингит, инфекциялардың түрлері, пневмония және басқа көптеген аурулар кезінде тағайындалатынн антибиотик.

Бұл препарат Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады. 

Наверх