Тасмағамбетовтің қызы Италияда өткен "Трубадур" операсына костюм әзірледі

25 Қараша 2019, 11:19
3796
Бөлісу:
Тасмағамбетовтің қызы Италияда өткен "Трубадур" операсына костюм әзірледі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Генуя қаласындағы Карло Феличе театрында "Трубадур" қойылымы 2019-2020 жылға арналған опера және балет маусымын ашты.

Дәл осы қойылым 1991 жылы 18 қазанда толықтай қалыпқа келтірілген жаңа Карло Феличе театрында да алғашқы маусымды ашып, қонақтар қабылдаған еді. Генуя жұртшылығы үшін "Трубадур" - жанданудың нышаны.

11 il trovatore .jpg

Араға 28 жыл салып, танымал Вердиана трилогиясы (Ла Травиата, Риголетто, Трубадур) Қазақстанның ең үздік 50 суретшісінің қатарына енген отандастарымыздың қатысуымен тіптен құлпыра түсті.

Біздің басты мақсатымыз әйгілі либреттоның опера рухын, атмосферасын жеткізу болды. Ең алдымен, біз композитор Вердидің өз шығармасында айтқысы келгенін түйсініп, паш еткіміз келді. Қазан айында бізде тағы да Вердидің "Дон Карлос" операсы болды. Бұл жұмыс осылайша "Трубадурға" жалғасты. Сөйтіп, бізде Вердидің опералық күйінен шығуға тіпті уақыт та болмады, - деді сахна дизайнері және костюм бойынша суртеші Софья Тасмағамбетова.

22 il trovatore .jpg

Софья үшін бұл Италиядағы алғашқы қойылым жұмысы. Суретші Генуяда болғанына өте қуанышты екенін жасырмайды. Ол дайындық процесінің күрделілігі режиссерге байланысты екенін, қойылымға Вердидің барлық шығармаларымен таныс Марина Бьянки қатысқандықтан жұмыс істеу жеңіл болғанын айтады.

Театрда арнайы жабдық – айналатын шеңбер бар. Үстінде декорация қойылған, бұл декорация спектакль бойынша айналады. Сахна өзгерісі көрерменнің көз алдында жүзеге асады, бұл дәл осы опера үшін өте маңызды, өйткені кідірту мүмкін емес. Ол үшін жай музыка жоқ. Сол себепті біз дәл осындай тәсілді таңдадық, - деп өз құпиясымен бөлісті сахна безендіруші, костюм бойынша суртешілердің бірі Павел Драгунов.

39 il trovatore .jpg

Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов ұзақ уақыттан бері өздерінің жеке шығармашылық тандемін құрып, декорациядан бастап костюмдерге дейін спектакльдің толық сахналық дизайнын жасайды. Павел ерлер костюмін әзірлесе, Софья – әйелдердің киімін дайындайды. Шығарманың мазмұнымен танысқаннан кейін сценографтар эскиздер, реквизит, бутафория, костюм әзірлеуге кірісіп, әр кейіпкердің сипатына қарай аксессуарларын жеке-жеке тәптіштеп суретін салып, дайындайды.

79 il trovatore .jpg

Сахна жай ғана кісі нанғысыз. Үйлесімді декорацияның айналуы, барлық құрал-жабдықтар мен жарықтың өзгеруі, операның өзі, музыка қарапайым емес. Маған шынымен де қатты ұнады, - дейді қойылымнан кейін көрермен Карло Барбиери.

Генуядағы басты опера театры Карло Феличедегі "Трубадур" қойылымында 2000 орындық зал лық толды. Карло-Феличе театры - Италиядағы ірі опера үйі, ол опера мен балет спектакльдерін де, ауқымды концерттерді де қабылдайды. Ғимараттың алғашқы тасы 1826 жылы наурызда қаланған.
Өзгелердің жаңалығы