Триатлоннан Қытай мен Бразилиядағы кубоктік кезең өтпейтін болды

19 Шілде 2020, 18:37
1177
Бөлісу:
Триатлоннан Қытай мен Бразилиядағы кубоктік кезең өтпейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. World Triathlon атқарушы комитеті әлем кубогінің екі кезеңі өтпейтінін мәлімдеді. 

Бразилияда COVID-19 індетінің өршуіне байланысты сәуір айына жоспарланған кубоктік кезең кейінге қалған болатын. Ұйымдастыру комитеті мен Бразилия тарапы биыл жарыс өткізудің реті келмейтінін жеткізіп, турнирді келесі жылға қалдырды. 

Қытайда 2020 жылы қандай да бір жарыс өткізуге тыйым салынғандықтан, триатлон қауымдастығы Вейхай және Чэндуде өтетін әлем кубогі кезеңдері өпейтінін мәлімдеді.  риатлоннан кубоктік кезеңдер 2021 жылы өтуі мүмкін. 
Өзгелердің жаңалығы