Триатлоннан аралас эстафета бойынша Қазақстан үздіктері анықталды

11 Шілде 2021, 15:17
3145
Бөлісу:
Триатлоннан аралас эстафета бойынша Қазақстан үздіктері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бурабайда триатлоннан аралас эстафета бойынша Қазақстан ашық чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz.

Аталған жарысқа Elite санатынан барлығы 16 команда қатысты.  Әр команда құрамында төрт спортшыдан, атап айтқанда, екі ер және екі қыз баладан сынға түсті. Қатысушылар 250 м қашықтықты жүзіп өтсе, 6,6 км қашықтықта велошеру болса, 1,6 км қашықтықты жүгіріп өтті. 

Elite санаты бойынша құрамында Екатерина Шабалина, Дарын Қонысбаев, Надежда Бекмағанбетова және Иван Тутукин бар Нұр-Сұлтан қаласының командасы көш бастады. Олар тиісті қашықтықты 1 сағат 27 минут 34 секундта бағындырды. 

Алматы құрамасының намысын қорғаған Юлия Озерова, Ануар Турубаев, Дарья Бычкова және Кирилл Рожков 1 сағат 32 минут 24 секундпен екінші орыннан көрінді. 

1 сағат 37 минут 07 секундта бағындырған Ақмола облысы үздік үштікті қорытындылады. Ақмола облысы сапында Анастасия Захарова, Мейірлан Ысқақов, Наталья Короткова және Темірлан Теміров жарыс жолына шықты. 


Өзгелердің жаңалығы