Триатлоннан 2021 жылы өтетін жарыстар тізбегі бекітілді

5 Қазан 2020, 15:08
1708
Бөлісу:
Триатлоннан 2021 жылы өтетін жарыстар тізбегі бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. World Triathlon атқарушы комитеті 2021 жылғы маусымға арналған жаңа күнтізбені бекітті, деп хабарлады olympic.kz. 

 2021 жылдың 1-2 мамырында Қытайдың Чэнду қаласында World Triathlon Series кезеңі өтеді. Аталған сында спортшылар спринеттен сынға түседі.  

2021 жылдың 15 мамырында Жапониядағы World Triathlon Series турнирі өтеді. Азиялық спортшылардың алыс елдерге қатынауына жол бермеу үшін World Triathlon атқарушы комитеті 8-9 мамыр күндері Жапонияның Осака қаласында әлем кубогі кезеңін өткізу туралы шешім қабылдады.  

Сондай-ақ, 2021 жылдың 2 қазанында World Triathlon атқарушы комитеті дуатлоннан әлем чемпионатын ұйымдастырады.   

Өзгелердің жаңалығы