Трансшекаралық өзендер проблемасы. Ресеймен табанды түрде жұмысты жалғастыру керек – Әшімбаев

29 Ақпан 2024, 14:54
683
Бөлісу:
Трансшекаралық өзендер проблемасы. Ресеймен табанды түрде жұмысты жалғастыру керек – Әшімбаев
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Бұл жөнінде Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Палата отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыс барысында депутаттар Жайық өзенінің экологиялық ахуалы және ондағы су ағынының азаюына қатысты мәселені көтеріп, Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекниязға сауал қойған еді. Осыған орай Палата төрағасы бұл бағытта Мемлекет басшысы жүктеген нақты міндеттер бар екенін назарға алып, тиісті ведомствоны белсенділік танытуға шақырды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жайық өзеніне қатысты нақты тапсырмалар бергені белгілі. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды Ресеймен дәйекті және табанды түрде жалғастыру керек. Халық жүзеге асырылып жатқан шаралардың нақты нәтижелерін көруі қажет. Алдағы уақытта осы бағыттарда нақты әрі жүйелі жұмыс жүргізесіздер деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, бүгін Сенат отырысында депутаттар «Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады. Заңның нормаларына сәйкес мемлекеттер өз аумағында халықаралық су ағынын пайдаланған кезде басқа елдерге залал келтірудің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдауға міндеттенеді.

Өзгелердің жаңалығы