Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 2,5 есе өсті

8 Ақпан 2023, 18:07
904
Бөлісу:
Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 2,5 есе өсті
PHOTO
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 Алматы қаласында «Транскаспий халықаралық көлік бағдары»  Халықаралық қауымдастығы Жалпы жиналысының отырысы болып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маршрут қатысушылары Қауымдастықтың 2022 жылғы қызметін қорытындылады. ТХКБ бойынша тасымалдаудың оң қарқыны және оның қазіргі геосаяси жағдайдағы рөлінің артқаны атап өтілді.

Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 2,5 есе өсті

2022 жылы жүк тасымалдау көлемі 2,5 есеге өсіп, 1,5 млн тоннаға жетті. Бұл ретте қазақстандық жүктер экспорты 2021 жылмен салыстырғанда 6,5 есеге ұлғайып, 891 мың тоннаны құрады.

Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 2,5 есе өсті

Сонымен қатар, контейнерлерде 33,6 мың ЖФЭ тасымалданды – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33%-ке артық. 

Отырыс барысында ТХКБ-ға жүктерді тарту және контейнерлік тасымалдарды дамыту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 2,5 есе өсті

2023 жылға арналған маршрут бойынша жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту, тұрақты түрде шаттл-пойызбен бекітілген кесте бойынша жүру және бірыңғай транзиттік өнімді құру мәселелері бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы