АҚШ Президенті Дональд Трамп Зеленскийдің Ватиканда не сұрағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы республикашыл саясаткер Ақ үйдің баспасөз пулына мәлім етті.
Ол (еск - Зеленский) өзіне көбірек қару керегін айтты. Бірақ ол бұл туралы 3 жылдан бері айтып келеді. Оқиғалардың қалай өрбитінін көре жатармыз, - дейді Трамп.
Еске салайық, бұған дейін Трамп Киев Ресейге Қырымды беретініне сенімді екенін жазған едік.