Трамп Вашингтондағы Салтанат қақпасын әскери кешенге айналдыруды ұсынды

Алайда жоба әзірге түпкілікті мақұлданған жоқ.

 Chip Somodevilla / Getty Images 21 Қыркүйек 2026, 05:18
21 Қыркүйек 2026, 05:18
107
Фото: Chip Somodevilla / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон маңында салуды жоспарлаған Салтанат қақпасын (Триумф аркасын) әскери кешен ретінде де пайдалануды көздейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, нысанда дрондар, мергендер және оқ-дәрі орналастырылуы мүмкін.

ВВС-дің хабарлауынша, Трамп бұл өзгеріс АҚШ әскерилерінің өтініші бойынша және ұлттық қауіпсіздік мақсатында ұсынылғанын айтты. Жоспар бойынша дрондарды жедел қолдануға мүмкіндік жасалып, ғимараттың төбесі мен алаңында мергендерге арналған орындар қарастырылмақ.

Биіктігі шамамен 76 метр болатын арканы Арлингтон мемориалдық көпірінің маңында, Линкольн мемориалы мен Арлингтон ұлттық зираты аралығында салу жоспарланған.

Алайда жоба әзірге түпкілікті мақұлданған жоқ. Пентагон президенттің мәлімдемесінен бөлек қосымша ақпарат ұсынбаған. Жобаға қатысты сот дауы да жүріп жатыр.

Наверх