Зеленский мен Трамптың өкілі Ослодағы келіссөздерде кездеседі

Кездесуге Зеленский, Стубб және Стёре қатысады.

 Нейрожелі арқылы жасалған 20 Қазан 2026, 18:52
20 Қазан 2026, 18:52
131
Фото: Нейрожелі арқылы жасалған

АҚШ Президенті Дональд Трамптың арнаулы өкілі Стив Уиткофф 20 қазанда Ослода өтетін Украина бойынша келіссөздерге қатысады. Бұл ақпаратты Норвегия үкіметі ресми түрде растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге Украина Президенті Владимир Зеленский, Финляндия Президенті Александр Стубб және Норвегия Премьер-министрі Йонас Гар Стёре қатысады.

Талқылауға АҚШ өкілі Джаред Кушнер де қосылады, ол келіссөздерге қашықтан (онлайн) қатысады. Ал Стив Уиткофф Ослоға жеке өзі келеді.

Норвегия үкіметінің мәліметінше, келіссөздерге америкалық өкілдерді тарту бастамасы Украина тарапынан түскен.

«Мақсат – дипломатиялық күш-жігерді барынша сындарлы арнаға бұру», – деді Норвегия Премьер-министрі Йонас Гар Стёре.

Кездесудің басты тақырыбы – Украинадағы жағдай және қақтығысты реттеуге бағытталған дипломатиялық әрекеттерді жалғастыру.

Келіссөздер аяқталғаннан кейін Украина мен Финляндия президенттерінің, сондай-ақ Норвегия Премьер-министрінің бірлескен баспасөз конференциясы өтеді деп жоспарланған.

Наверх