АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістанның ресейлік мұнайды қайта сату әрекетіне жауап ретінде импорттық баж салығын "айтарлықтай көтеруге" ниетті екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ "Prime" басылымына сілтеме жасап.
Америка президенті Нью-Дели ресейлік мұнайды ашық нарықта үлкен пайдаға сатады деп есептейді.
Үндістан ресейлік мұнайдың орасан зор көлемін сатып алады, содан кейін оны ашық нарықта үлкен пайдаға сатады... Осы себепті мен Үндістанның АҚШ-қа төлейтін баж салығын айтарлықтай көтеремін, - деп жазды Трамп TRUTH әлеуметтік желісінде.
Трамп бұған дейін Үндістанның Ресейден мұнай сатып алуын тоқтатуды жоспарлап отырғаны туралы хабарланғанын айтқан. Сонымен бірге, үнділік Mint газеті дереккөздерге сілтеме жасап сенбі күні Үндістанның мемлекеттік мұнай өңдеу зауыттары ресейлік жеткізушілерден мұнай сатып алуды жалғастырып жатқанын хабарлады.