Трамп ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолцты жанжалға байланысты қызметінен босатты

2 Мамыр 2025, 00:31
666
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

АҚШ президенті ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолцты жанжалға байланысты қызметінен босатты. Бұл туралы бүгін, 1 мамырда Reuters агенттігі, сондай-ақ америкалық Fox News және CBS телеарналары дереккөздерге сілтеме жасап таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ DW-ге сілтеме жасап.

Олардың мәліметінше, Уольцтың орынбасары Алекс Вонг та Ақ үйден кетеді.

Әзірге бұл ақпаратты ресми растау жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдары жұмыстан босатуды журналист кездейсоқ қосылған Signal үкіметінің құпия чатындағы жанжалмен байланыстырды. Содан кейін Уолц қателік үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Politico басылымының хабарлауынша, Уолцты АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Виткофф алмастыруы мүмкін. Ол қазір ресей-украин соғысын тоқтату жөніндегі келіссөздерге белсенді түрде қатысып, Ресей президенті Владимир Путинмен үнемі кездесіп тұрады.

Еске салайық, Signal-тағы алғашқы чатқа қатысты жанжал наурыз айында Atlantic журналының бас редакторы Джеффри Голдбергтің хат-хабардың бар екенін анықтағаннан кейін басталған. Голберг АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды шенеуніктері Йемендегі хуситтерге қарсы 15 наурызда басталған операцияның егжей-тегжейлерін талқылап жатқан чатқа кездейсоқ қосылды.

Өзгелердің жаңалығы