Трамп: The New York Times жақын арада жабылуы мүмкін

6 Қазан 2026, 09:37
АВТОР
 Getty Images 6 Қазан 2026, 09:37
6 Қазан 2026, 09:37
339
Фото: Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times газетінің болашақта өз жұмысын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеп, оның жабылуын «Америка үшін ұлы күн» деп атады.

Трамп бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазған.

Трамп басылым журналистерін өзі туралы ақпараттарды фактчекинг жүргізбей, тексерілмеген күйде жариялады деп айыптады.

Жақын болашақта бір күні The Times өзінің лас есіктерін жабуға мәжбүр болады және бұл Америка үшін ұлы күн болады, – деп жазды АҚШ президенті.

Оның сынына газеттің Трампқа тиесілі Майамиге жақын Дорал қаласындағы курорттық кешенінің фотосын жариялауы себеп болған. 14-15 желтоқсанда бұл жерде G20 саммитін өткізу жоспарланған. Америкалық көшбасшының айтуынша, сурет әдейі қолайсыз ракурста көрсетілген.

Трамп сондай-ақ The New York Times газетіне деген сенімнің төмендегенін және оның таралымы қысқарып жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ-та 2000 жылдардың ортасынан бері 3 500-ге жуық газет жабылған. Бұл ақпарат The New York Times газетінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған болатын.

Наверх