Трамп тағы бір ДАИШ көшбасшысының көзін жойғанын мәлімдеді

30 Қазан 2019, 11:12
1670
Бөлісу:
Трамп тағы бір ДАИШ көшбасшысының көзін жойғанын мәлімдеді

Алматы, BAQ.KZ. "Ислам мемлекеті" ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) екінші тұлғасы өлтірілді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де мәлім етті, деп жазды Курсив басылымы.

Трамп америкалық әскерилердің марқұм Әбу Бәкір әл-Бағдадидің орнын баспақшы болған үміткердің көзін жойғанын мәлімдеді.

Бұдан бұрын 27 қазанда АҚШ президенті ИГИЛ көшбасшысы Әбу Бәкір әл-Бағдадидің Сирияның Идлиб провинциясында жүзеге асырылған арнайы операцияның нәтижесінде көзі жойылғанын ресми растаған болатын. Десек те сарапшылар көшбасшының қазасы содырлардың қызметіне соншалықты үлкен нұқсан келтірмейді деген пікірде.


Өзгелердің жаңалығы