Алматы, BAQ.KZ. "Ислам мемлекеті" ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) екінші тұлғасы өлтірілді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де мәлім етті, деп жазды Курсив басылымы.
Трамп америкалық әскерилердің марқұм Әбу Бәкір әл-Бағдадидің орнын баспақшы болған үміткердің көзін жойғанын мәлімдеді.
Бұдан бұрын 27 қазанда АҚШ президенті ИГИЛ көшбасшысы Әбу Бәкір әл-Бағдадидің Сирияның Идлиб провинциясында жүзеге асырылған арнайы операцияның нәтижесінде көзі жойылғанын ресми растаған болатын. Десек те сарапшылар көшбасшының қазасы содырлардың қызметіне соншалықты үлкен нұқсан келтірмейді деген пікірде.