Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп Ресейге 10 күн берді, ал Қытаймен бітімге келді

Олжас АДАЙ
30 Шілде 2025, 10:57
1676
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
Фото: коллаж BAQ.KZ

АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты Ресейге қойған ультиматум мерзімін 10 күнге дейін қысқартып, Мәскеуден ешқандай жауап алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ешқандай жауап жоқ. Бұл – өкінішті жағдай, – деді Трамп Air Force One бортында журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Владимир Путинге берілген 10 күндік мерзім 29 шілдеден басталған. Демек, ультиматум 8 тамызда аяқталады.

10 күн – бүгіннен бастап, – деп Трамптың сөзін Bloomberg агенттігі келтірді.

Еске салайық, бұған дейін Трамп 14 шілдеде ультиматум мерзімін 50 күн деп белгілеген болатын. Ол 2 қыркүйекте аяқталуы керек еді.

АҚШ пен Қытай – тарифтік үзілісті тағы 90 күнге ұзартуы мүмкін

Сонымен қатар, АҚШ пен Қытай 12 тамызда аяқталатын 90 күндік тарифтік бітімді ұзарту мәселесін талқылап жатыр. Стокгольмде өткен екі күндік келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеу болмаса да, тараптар диалогты жалғастыруға ниетті екенін көрсетті.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, келіссөз қорытындысы Президент Трампқа баяндалып, түпкілікті шешімді ол қабылдайды.

Біз оған келіссөздердің қалай өткенін жеткіземіз. Кездесулер конструктивті болды. Бірақ үзілісті ұзарту – Президенттің шешімі, – деді АҚШ-тың сауда өкілі Джеймисон Грир.

Reuters мәліметінше, тараптар бітімді тағы 90 күнге ұзарту нұсқасын қарастырып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы