Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп: Қазақстаннан келетін барлық импортқа 25% баж салығы енгізіледі

8 Шілде 2025, 01:44
855
Бөлісу:
 AP Photo / Rod Lamkey
Фото: AP Photo / Rod Lamkey

АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан келетін барлық импортқа 25% көлемінде бірыңғай кедендік баж салығы енгізілетінін мәлімдеді. Бұл шешім туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бізде Қазақстанмен сауда қатынастарын талқылауға жылдар болды. Осы уақыт ішінде Қазақстанның тарифтік және тарифтік емес кедергілері АҚШ үшін тұрақты сауда тапшылығына себеп болды. Сондықтан 1 тамыздан бастап АҚШ-қа келетін барлық қазақстандық тауарларға 25% тариф енгіземіз, - делінген Трамптың Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған хатында.

Трамп: Қазақстаннан келетін барлық импортқа 25% баж салығы енгізіледі

Тариф барлық салаларға бірдей қолданылады және тіпті транзитпен жеткізілетін тауарлар да бұл талаптан тыс қалмайды. Бұл ретте АҚШ аумағында өндірілетін немесе жиналатын өнімдерге бұл баж салығы әсер етпейді.

Айта кетейік, биылғы 2 сәуірде Дональд Трамп әлем елдерінен импортталатын тауарларға ауқымды кедендік баждар туралы жарлыққа қол қойған болатын. Сол кезде Қазақстан үшін 27% баж енгізу жоспарланған. Алайда АҚШ қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа байланысты бұл шараны уақытша тоқтатып, 10% базалық алымды сақтай отырып, келіссөздер жүргізуге мүмкіндік берген еді. Аталған тоқтата тұру мерзімі 9 шілдеде аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы