Трамп пен Зеленский Путинді туған күнімен құттықтамады

8 Қазан 2019, 16:58
2179
Бөлісу:
Трамп пен Зеленский Путинді туған күнімен құттықтамады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мемлекет басшысына келген құттықтаулардың арасынан АҚШ пен Украина президенттері Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің құттықтауын көрмеген. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Кремль өкілінің айтуынша, дипломатиялық хаттар кейде кешігіп жатады.

7 қазанда Владимир Путин 67 жасқа толды. Президент бұл күнді туыстары, достары және телефонымен өткізген. Мемлекет басшысы сол күні 10-нан астам тұлғамен телефон арқылы сөйлескен.

Туған күні қарсаңында Путин Сібір тайгасына демалысқа барды. Кремльдің сайтында бұл туралы видео жарияланды. 2019 жылы президент арнайы демалысқа шыққан жоқ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және Ресей халқының игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі.

Ал Лос-Анджелесте белгісіз біреу Путинді әуеден құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы