АҚШ президенті Дональд Трамп 1 шілдеде өткен баспасөз мәслихатында миллиардер Илон Маскты АҚШ-тан депортациялау мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
DOGE мемлекеттік тиімділік департаменті Илонмен айналысуы мүмкін. DOGE деген не екенін білесіз бе? Бұл Илонды жұтып қоятын құбыжық, – деді Трамп журналистерге.
Трамптың айтуынша, Маскке Tesla электромобильдері үшін көптеген мемлекеттік субсидиялар бөлінген, алайда ол мұндай қолдаудың орынды екеніне күмән келтіріп отыр. Сонымен қатар, Трамп электромобиль өндірісіне мәжбүрлі түрде басымдық беруге қарсылығын білдірді.
Ал Илон Маск Трамптың мәлімдемесіне "жағдайды ушықтыруға азғырып тұрғанын", бірақ қалыс қалатынын жазды. Ол бұл туралы өзінің x (бұрынғы Twitter) парақшасында жариялады.
Жағдайды ушықтыруға соншалықты азғырады. Бірақ мен әлі қалыс қаламын, – деп жазды ол.
Бұған дейін Трамп Илон Маскты алған субсидиялар бойынша DOGE деп аталатын ведомствоның тексеруін қолдауға шақырған. Алайда мұндай ведомство нақты бар ма – бұл әзірге белгісіз.