Трамп Иранның жеті күндік атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдамады

АҚШ президенті Конгреске қарашадағы сайлаудан кейін соққыларды қайта бастауы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

 Getty Images 26 Қыркүйек 2026, 15:50
26 Қыркүйек 2026, 15:50
128
Фото: Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жеті күнге атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдамай, Конгреске аралық сайлаудан кейін Иранға соққылар қайта жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

The Wall Street Journal басылымының АҚШ әкімшілігіндегі дереккөздеріне сүйенсек, Трамп Иранның өзі қойған талаптарды орындайтынына күмәнмен қарайды және соққылардың қайта басталуын ықтимал деп санайды.

Сонымен қатар WSJ мәліметінше, АҚШ президенті әзірге ықтимал әскери операцияның ауқымын нақты шешкен жоқ.

Басылымның жазуынша, Трамп ауқымды әскери операцияларға қайта оралуды жоспарлап отырған жоқ. Бұған америкалық оқ-дәрі қорының қысқаруы да себеп болып отыр.

Бұған дейін Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи әскери қимылдарды тоқтатып, ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді қайта бастауды көздейтін жеті күндік жоспар ұсынған еді.

Наверх