Трамп: Иранның жаңа көшбасшысы АҚШ-тың мақұлдауынсыз ұзақ билік жүргізе алмайды

Трамп АҚШ әскері қажет болса Иранға қарсы операцияны жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.

 Rebecca Noble / Getty Images Кеше 2026, 03:40
Кеше 2026, 03:40
597
Фото: Rebecca Noble / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп ABC News-ке берген сұхбатында Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы оның алдын ала мақұлдауын алмаса, ұзақ өмір сүре алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Трамптың айтуынша, жаңа көшбасшы "АҚШ-тан мақұлдау алуы керек", әйтпесе оның билікке келуі ұзаққа созылмайды. Президент сондай-ақ Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеуге баса назар аударғанын айтты.

Сонымен қатар, Трамп АҚШ әскері қажет болса Иранға қарсы операцияны жалғастыруға дайын екенін, әскерилердің барлық нұсқаларды қарастыратынын жеткізді.

Барлығы қарастырылуда. Барлығы, - деп атап өтті ол.

Наверх