Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп Иран жаққа ірі әскери флот жіберді

Бүгiн, 09:29
304
Бөлісу:
 United States Navy
Фото: United States Navy

Al Jazeera хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты әскери бақылаудың күшейтілгенін мәлімдеп, америкалық ірі әскери-теңіз флоты Парсы шығанағы аймағына бет алғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Трамп бұл мәлімдемені Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумнан кейін журналистерге берген сұқбатында айтты. Ол «ешқандай қақтығыс болғанын қаламайтынын», бірақ Иранды «өте мұқият бақылап отырғанын» атап өтті.

АҚШ БАҚ-тарының хабарлауынша, USS Abraham Lincoln авианосеці мен оның соққы тобы Оңтүстік Қытай теңізіндегі жаттығулардан Таяу Шығысқа бағытталған. Бұл қадам аймақтағы шиеленістің күшейгенін көрсетеді.

Сонымен қатар Трамп Иран ядролық бағдарламасын қайта бастайтын болса, АҚШ жауап қататынын ескертті. Ол 2025 жылдың маусым айында АҚШ пен Израильдің Иранның ядролық нысандарына жасаған әуе соққыларын мысалға келтірді.

Иран тарапы бұл мәлімдемелерге жауап ретінде, шабуыл жасалған жағдайда «бар күшпен қарсы жауап беретінін» мәлімдеді. Сыртқы істер министрі Аббас Арағчи толық ауқымды соғыс бүкіл аймаққа және әлемдік қауіпсіздікке ауыр салдар әкелетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы