Трамп: Иран келісімге келмесе, салдары ауыр болады

АҚШ әскери операцияны тағы бірнеше апта жалғастыра алар еді, бірақ одақтас елдер басшыларының өтінішімен тоқтаған.

 AP Photo / Alex Brandon 15 Мамыр 2026, 07:48
15 Мамыр 2026, 07:48
1320
Фото: AP Photo / Alex Brandon

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Вашингтонмен келісім жасаспаса, ауыр салдарға тап болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Fox News арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Трамптың сөзінше, АҚШ әскери операцияны тағы бірнеше апта жалғастыра алар еді, бірақ одақтас елдер басшыларының өтінішімен тоқтаған.

Олар келісім жасауы керек, әйтпесе жойылады, - деді Ақ үй басшысы.

Сонымен қатар Трамп Иранға қатысты жағдайдың тағдыры енді уақыт мәселесіне айналғанын атап өтті.

Наверх