Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп Гренландияға қатысты Еуропаның 8 еліне қосымша баж салығын енгізбек

Бүгiн, 00:30
158
Бөлісу:
 Cheney Orr / Reuters
Фото: Cheney Orr / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны сатып алу мәселесі шешілмейінше, Еуропаның сегіз еліне қарсы қосымша импорттық баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social желісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Трамптың айтуынша, 1 ақпаннан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Нидерланды, Финляндия және Ұлыбританиядан келетін тауарларға 10 пайыздық баж салығы енгізіледі. Ал 1 маусымнан бастап бұл көрсеткіш 25 пайызға дейін ұлғаяды. Баж салығы АҚШ пен Гренландия бойынша келісім жасалғанға дейін қолданыста болады.

Президент Гренландияны АҚШ ұлттық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар аймақ деп атап, аралдың орналасуы мен пайдалы қазбалар қорына назар аударды. Ол қажет болған жағдайда күш қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармады.

Бұл мәлімдемеге жауап ретінде Дания мен Гренландияда наразылық акциялары өтті. Еуропаның бірқатар елдері Данияны қолдап, АҚШ-тың НАТО аумағына күшпен араласуы альянстың болашағына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

Өзгелердің жаңалығы