Трамп АҚШ-тағы TikTok-қа салынған тыйымды тағы 75 күнге созды

Дональд Трамп АҚШ-тағы TikTok-қа тыйым салуды тағы 75 күнге кейінге қалдырды.

 Фото: Freepik 6 Сәуір 2025 2025, 22:20
6 Сәуір 2025 2025, 22:20
1100
Фото: Фото: Freepik

Дональд Трамп АҚШ-тағы TikTok-қа тыйым салуды тағы 75 күнге кейінге қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы уақыт ішінде әлеуметтік желі иесі өзінің онлайн-сервисінің активтерін американдық компанияларға сатуы керек.

Айта кетейік, мәмілені аяқтау үшін Қытай үкіметінің мақұлдауы қажет, алайда бұған дейін ҚХР билігі Трамп енгізген баж салығына байланысты платформаны сатудан бас тартқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың сәуір айында АҚШ конгресі ұлттық қауіпсіздік мақсатында Tik Tok-қа тыйым салу туралы заң қабылдаған еді.

Наверх