АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон қажет болған жағдайда Иранға қайтадан «кез келген уақытта» соққы беруге дайын екенін мәлімдеді.
Анадолы агенттігінің хабарлауынша, ол Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде АҚШ Қарулы күштерінің бір күн бұрын Ормуз бұғазы маңындағы Иран нысандарына жасаған соққыларын «өте сәтті» деп бағалады.
«Кеше түнде біз оларға өте күшті соққы бердік. Олар аз ғана жауап қайтарды, бірақ біздің соққымыз өте қуатты болды», – деді Трамп.
АҚШ президенті Ормуз бұғазы Вашингтонның бақылауында екенін де мәлімдеді. Оның айтуынша, бұғаз арқылы мұнай танкерлерінің қозғалысы жалғасып жатыр.
«Жалпы, бәрі еш қиындықсыз өтіп жатыр. Олар анда-санда дрондарды атып түсіреді, бірақ біздің бұғазды бақылауда ұстап отырғанымыз анық», – деді ол.
Трамп Ормуз бұғазының атауын «Трамп бұғазы» деп өзгерту туралы айтқан ұсынысына да тоқталып, мұны тек идея ретінде ортаға салғанын жеткізді.
Сонымен қатар АҚШ президенті Вашингтон Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейтінін тағы да мәлімдеді.
«Иранның ядролық қаруы болмайды. Менің ойымша, мұның бәрі ұзаққа созылмайды», – деді Трамп.