Тозған теміржол вокзалдары жөндеуден өтеді

15 Ақпан 2024, 14:08
821
Бөлісу:
Тозған теміржол вокзалдары жөндеуден өтеді
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында көлік министрі Марат Қарабаев, айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде күрделі жөндеуді қажет ететін 59 темір жол вокзалы бар.

Түркістан, Қызылорда, Шымкент және Павлодардағы темір жол вокзалдары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Өкінішке қарай, қалғандарына мүлдем қаржы да бөлінбеген, жағдайы да төмен, - деді министр.

Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары әкімдіктермен бірлесіп шешіледі.

Қазіргі таңда 59 темір жол вокзалын айқындадық. Жылдың соңында біз бюджеттен қаржы бөлу жағын қарастырамыз ба? деп отырмыз. Себебі, "Қазақстан темір жолы" АҚ өз қаржысын вагон, локоматив сатып алуға жұмсауда. Мұнда темір жол вокзалының ғимаратын жөндеуді республикалық бюджеттен, ал темір жол вокзалының ауласын жөндеуді жергілікті бюджеттен қаржыландырамыз деп әкімдіктермен келісіп жатырмыз. Алайда жобалық-сметалық құжаттаманы әкімдер дайындауда. Темір жол вокзалдарын жаңарту қызмет көрсету сапасының артуына ықпал етеді, - деді Марат Қарабаев.

Өзгелердің жаңалығы