Тозған көлік, 300 теңге мен төмен жалақы: Аймағамбетов тағы бір проблеманы көтерді

15 Қазан 2024, 15:50
451
Бөлісу:
Тозған көлік, 300 теңге мен төмен жалақы: Аймағамбетов тағы бір проблеманы көтерді
Фото: BAQ.KZ - Архив

Жедел жәрдем станцияларын көліктермен қамтамасыз ету туралы комитеттің тақырыптық отырысында саладағы проблемалар көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов атап өткендей, бүгінде санитарлық көліктермен қамтамасыз ету әкімдіктердің міндетіне кіреді. Ғимарат, көлік, инфрақұрылым – оның барлығы заң бойынша әкімдіктердің жауапкершілігінде. Ал Денсаулық сақтау министрлігі тарифтер, жалақы, жалпы басқару мен әдістемеге жауап береді.

Бүгін жедел жәрдем жағдайы өте қиын. Норматив бойынша 10 мың адамға бір бригада болуы керек. Алайда қазір республика тек 73%. Бізде Қызылорда бойынша 38%, Ақтөбе 44%. Ал жалпы республика бойынша 379 бригада жетіспейді деген ақпарат бар. Санитарлық көліктер 58%-ға тозғаны жайлы ақпарат келді. 58%-ға тозған болса жедел жәрдем көліктері қалай жұмыс істеп жатыр? Ал тариф өте төмен. Бүгін 300 теңгеден аса қаражат қарастырылған. Ол шығындарды жабуға жетпей отыр. Жалақы да өте төмен. Машиналар ескі, тіпті жүрмейді, - деп айтты Асхат Аймағамбетов.

Ол солтүстіктегі жаңадан сатып алынған H350 көліктері күн суықта тіпті өшірілмейтінін айтты. Себебі өшірсе, оны жылыта алмайды не қайта қоса алмайды.

Бұдан басқа алынған 2 литрлік двигатель көліктері де проблемалы. Оны двигателі жаңартылмайды екен, - деп түсіндірді мәжілісмен комитет отырысында.

Осыған дейін жедел жәрдем барлық пациентке тәулік бойы қызмет көрсете алмайтыны жайлы айтылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы