Жедел жәрдем тәулік бойы жұмыс істемейді

25 Қыркүйек 2024, 16:02
491
Бөлісу:
Жедел жәрдем тәулік бойы жұмыс істемейді
Фото: Арман Мухатов -архив

Жедел жәрдем бұдан былай барлық пациенттерге тәулік бойы қызмет көрсете алмайды. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жарияланған бұйрық жобасында айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі күні жедел медициналық жәрдем бөлімшелерінің фельдшерлік және мамандандырылған бригадалары пациенттерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді.

Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларының жаңа редакциясында шұғыл шақырудың жеделдігінің 4 санаты айқындалады:

1) жеделдіктің 1 санатындағы шақыру-шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін, өмірге тікелей қатер төндіретін пациенттің жай-күйі;

2) жеделдіктің 2 санатындағы шақыру-медициналық көмек көрсетусіз өмірге ықтимал қатер төндіретін пациенттің жай-күйі;

3) жеделдіктің 3 санатындағы шақыру-медициналық көмек көрсетусіз денсаулыққа ықтимал қатер төндіретін пациенттің жай-күйі;

4) жеделдіктің 4 санатындағы шақыру – пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған кезде, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, жіті аурудан немесе созылмалы аурудың шиеленісуінен туындаған пациенттің жай-күйі.

4-санатына шақыртулар келіп түскен кезде ЖМК станциясының диспетчері автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы шақыртуларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының мобильді бригадаларына олардың жұмыс уақытында (жұмыс күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін) береді.

МСАК ұйымына қайта жіберілуге жататын шақыруларды тіркеу жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 8.00-ден 12.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Өзгерістерді әзірлеушілер жаңашылдықты қаржыландырудың жетіспеушілігімен байланысты деп мәлімдеді.

Ағымдағы тариф МСАК ұйымдастыру кезінде ЖМК бөлімшесінің барлық шығыстарын толық жабуды қамтамасыз етпейді. Қаржыландырудың жеткіліксіздігі нәтижесінде тәулік бойы жұмыс істейтін бригадаларды ұстаудың тиімсіздігі байқалады, бұл кредиторлық берешектің пайда болуына әкеледі.

Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалардың пациенттің орналасқан жеріне дейін ЖМКК диспетчерінен шақырту алған сәттен бастап келу уақыты:

1 шұғылдық санаты - он минутқа дейін;

2 шұғылдық санаты-он бес минутқа дейін;

3 шұғылдық санаты - отыз минутқа дейін;

4 шұғылдық санаты-алпыс минутқа дейін;

МСАК ұйымдастыру кезіндегі мобильді бригада-жүз жиырма минутқа дейін.

Өзгелердің жаңалығы