Тойға барған Қайрат Нұртас айыппұл арқалады

26 Наурыз 2021, 11:45
2100
Бөлісу:
Тойға барған Қайрат Нұртас айыппұл арқалады

Алматы, BAQ.KZ. Желіде әнші Қайрат Нұртастың карантин шараларына қарамастан Алматыдағы тойлардың бірінде жүрген видеосы тараған еді. Алматы әкімдігі осы жайтқа қатысты түсінік берді.

Мониторингті топ Алматыда рейд жүргізу кезінде ойын-сауық мекемелерінің  бірінде 80 адамның қатысуымен өтіп жатқан шараны анықтады. Келушілер арасында елге танымал әнші Қайрат Нұртас та болды. Ол да басқалармен бірге Полиция басқармасына жеткізілді, әкімшілік ережені бұзғаны үшін барлығына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Айта кетсек, Алматыда коронавирустың кең таралуына байланысты наурыздың 20-28 аралығында той-томалақ және басқа да жиындар өткізуге тыйым салынған.

Өзгелердің жаңалығы