Той жасағандарды «тоқылдап» айтып қойғандарға әкім сыйақы беретін болды

26 Тамыз 2020, 12:30
2462
Бөлісу:
Той жасағандарды «тоқылдап» айтып қойғандарға әкім сыйақы беретін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер кезінде той жасағандар мен садақа (ас) бергендерді хабарлағандарға сыйақы төленеді.

Бұл туралы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шұғыл штабтың отырысында айтылған.

«Мой Город» порталының хабарлауынша, оған тиісті қаражат та бөлінген.

Бізде көпшілік шараны өткізу жайттарын анықтауға көмектескендерге сыйақы төлеу тетігі бар. Кейбіреулер оларды «тоқылдақ», «сөз тасушы» деп айтуы мүмкін. Бірақ олай емес. Бұл қоғамға қолдау және көмек. Сол үшін ақша бөлінген. Бүгін комиссия сыйақының мөлшері мен оны дәлелдеу әдісін анықтайтын отырыс өткізеді.  Туыстарының денсаулығына алаңдайтын және коронавирустық инфекцияның жұқтыру жағдайларына жол бергісі келмейтін адамдар көмектеседі деп ойлаймын. Заңсыздық байқалған кезде облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолдауға, я болмаса, полиция департаментіне хабарласуға болады. Бүгінде облыс бойынша 130 бақылау тобы бар. Бірақ олардың күші жеткіліксіз. Олар таңертеңнен кешке дейін елді мекендерге барып, мұның барлығын тіркей алмайды, - деді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.


Өзгелердің жаңалығы