Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы тағайындалды

Бөлісу:
Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Серік Жүнісбеков төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Серік Жүнісбеков 1981 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл облысы Ішкі істер басқармасының тергеушісі болып бастаған.

2003-2007 жылдары-Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің маман-тергеушісі, аға тергеушісі.

2007 жылдан 2010 жылға дейін ҚР ІІМ Академиясының ғылыми-зерттеу институтының құрылымында жұмыс істеді.

2010-2018 жылдары-Жамбыл облысы ІІД бөлім бастығы, Штаб-басқарма бастығының орынбасары, Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, бастығының орынбасары.

2019 ж. - ҚР ІІМ Алматы академиясы бастығының орынбасары.

2019-2021 жылдары — Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.

2021-2023 жылдары-Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, бастығы.

2023-2024 жылдары-ҚР ІІМ Қостанай академиясының бастығы.

2024 жылы — ҚР ТЖМ департаментінің бастығы.

2024 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының міндетін атқарушы қызметінде болды.

Өзгелердің жаңалығы