Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

9 Қаңтар 2021, 17:03
3071
Бөлісу:
Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «SOS Астана балалар ауылының» тәрбиеленушілерін қаморлығына алып, оларға жан-жақты қолдау көрсетуде.

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Балаларға төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен алғашқы көмек көрсету талаптарын түсіндіру мақсатында 2021 жылдың 9 қаңтар күні ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин мен астаналық ТЖД бастығы Қуаныш Базарбаевтың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласының №5 және №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінде арнайы іс-шара өткізілді. 

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

«SOS Астана балалар ауылының» тәрбиеленушілері мен тәрбиеші-оқытушылар құрамы үшін арнайы экскурсия жүргізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Экскурсияда балалар мен оқытушылар өрт сөндіру, авариялық-құтқару техникаларымен, құтқарушылардың қызметтерімен танысты. 

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Сонымен қатар өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша түрлі сайыстардан жеңімпаз атанған ерлер, әйелдер және жасөспірімдер құрама командаларының өнеріне тәнті болды.

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Оқу мұнарасының 3-4-қабаты терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақтармен жүгіру барысын балалар ерекше қызығушылықпен тамашалады. 

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Құтқару машиналары, техникалық құрал-жабдықтар, алғашқы медициналық көмек, жас құтқарушылардың күнделікті оқу бөлмесі, асхана, демалу бөлмесі, спорт зал, бассейн секілді құтқарушылардың жаттығу және жұмыс орындары жақыннан таныстырылды. 

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Құтқарушы мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, апат жағдайындағы құтқарушылардың нақты іс-әрекеттерін көрсетті.

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Министр Юрий Ильин алдағы уақытта №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің «Құтқарушы» спорт кешенінде тәрбиенушілермен тәлімгерлер тығыз жұмыс жасайтындығын жеткізді. 

Алдағы уақытта балалар спорт кешеніндегі бассейнге үнемі барып, құтқарушылардан жүзуді тегін үйренеді. 

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Болашақта құтқарушы боламын деп ниет білдірген балаларға азаматтық қорғау оргындарының жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі қарастырылған. 

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Арнайы экскурсиялар, жас құтқарушылар арасындағы спорттық сайыстар, үйірмелер мен төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік шараларын үйрету мақсатындағы іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады.

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларға қатысты игі бастаманы қолға алды

Тағылымды, пайдалы іс-шара тәтті дастарханмен жалғасты.

Раушан АРМАНҚЫЗЫ

Өзгелердің жаңалығы