Төтенше жағдайлар министрі азаматтарды қабылдады

2 Тамыз 2023, 16:45
636
Бөлісу:
Төтенше жағдайлар министрі азаматтарды қабылдады
PHOTO
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов азаматтарды кезекті қабылдауды өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Азаматтарды қабылдау орталығында ол азаматтардың өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, құлақтандыру, кадр саясаты, ТЖМ қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Төтенше жағдайлар министрі азаматтарды қабылдады

Сырым Шәріпханов барлық өтініштерге толық жауап берді. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды. Құрылымдық, аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, ведомство басшысы азаматтардың бірде-бір өтініші жауапсыз қалмайтынына назар аударды.

Өзгелердің жаңалығы