Төтенше жағдай: ҰБТ уақыты шегерілді

17 Наурыз 2020, 13:32
2454
Бөлісу:
Төтенше жағдай: ҰБТ уақыты шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада коронавирусқа байланысты ҰБТ уақыты шегерілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.

Биылғы оқу жылында 117 мектеп білім беріп жатыр. Оның 89-ы – мемлекеттік, 22-сі жеке меншік мектеп. Мектеп басшылары мен ата-аналар вирусты инфекция пайда болған жағдайда не істеу керектігі туралы жедел жиналыс өткізген. Бүгінгі таңда барлық елордалық мектептер (мемлекеттік және жеке меншік, арнайы) осы жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін көктемгі демалысқа шықты. Сондай-ақ педагогикалық-медициналық, психологиялық консультация, педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті демалыс кезінде балаларды қабылдау тоқтатылады, - дейді Шолпан Қадырова.

Оның айтуынша, олимпиадалар, конкурстар, спорттық іс-шаралар кейінге шегерілген.

ҰБТ өткізу мерзімі сәуір айына ауыстырылады. Өткізу күні мен уақыты қосымша хабарланады. Республикалық физика-математикалық мектебі және Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушыларды қабылдау емтихандарын биылғы жылдың 13 маусымға ауыстырылды.  Каникул кезінде әкімшілік, техникалық қызметкерлер кесте бойынша, педагогтар қашықтықтан жұмыс істейді. Жалпы білім беретін мектептер 100% интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етілген, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы