Төтенше жағдай. Теміржол билетінің ақшасын қалай қайтарып алуға болады?
10 Қаңтар, 15:17 626

Төтенше жағдай. Теміржол билетінің ақшасын қалай қайтарып алуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрын сатып алынған теміржол билеттерін тапсыруға шешім қабылдаған жолаушылар оларды қайтару кезінде кейбір өзгешіліктерді ескеруі тиіс.

ТЖ кезінде жүретін жолаушылар пойыздарына пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттері) үшін ақшаны тікелей «Жолаушылар тасымалы»  АҚ билет кассаларынан және интернет ресурстар арқылы алуға болады.

Пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерді) пойыз жөнелтілгеннен кейін 6 ай ішінде, бірақ одан кешіктірмей қайтаруға болады.

Бұл ретте, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында жолаушылар жол жүру құнының ұсталусыз толық төлемін алады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, интернет-ресурстары арқылы қайтару кезінде, толық емес құнды алған жағдайда, арадағы айырманы алу үшін жолаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларына жүгінуі қажет. Бұл жағдайда жолаушыларға жол жүру құнының айырмасын төлеу өтініші бойынша талап қою тәртібімен жүргізіледі.

Өтініш үлгісін www.bilet.railways.kz сайтындағы «Жолаушыларға» бөлімі қағидаларының 8.10-тармағының сілтемесі бойынша өтіп алуға болады. 


Фото: дереккөз
Загрузка...