Төтенше жағдай қызметі шығысқазақстандықтарды абай болуға шақырады

10 Қаңтар 2023, 11:42
633
Бөлісу:
Төтенше жағдай қызметі шығысқазақстандықтарды абай болуға шақырады

ШҚО ТЖД аймақ тұрғындарына 9-12 қаңтар  аралығында қар көшкіні қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының ақпараты бойынша,  қолайсыз метеожағдайларға – қар мен мен желдің күшеюіне байланысты, 9-12 қаңтар  аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін.

ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартуға шақырады.

Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді.  Мұндай жерлерден өткенде тоқтауға болмайды, қауіпті аймақтан тез шығу қажет екенін есте сақтаңыздар.

Өзгелердің жаңалығы