Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі Төтенше жағдай режиміне байланысты медицина мекемелерінің жұмыс кестесі белгілі болды.
Медицина мекемелерінің жай күндердегі жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін. Ал демалыс күндері емханалар мен ауруханаларда кезекшілік режимі іске қосылады. Барлық ұйым, оның ішінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Алматы қаласынан басқа барлық өңірде жоспарлы медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал Алматы қаласында медициналық көмек медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін ескере отырып күшейтілген режимде көрсетіледі.