Төртінші тоқсандағы БЖБ мен ТЖБ-ны өткізу туралы айтылды

31 Наурыз 2021, 16:01
2196
Бөлісу:
Төртінші тоқсандағы БЖБ мен ТЖБ-ны өткізу туралы айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімдігінің Facebook парақшасында өткен тікелей эфир кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева IV тоқсанда оқушыларды қорытынды аттестаттауды өткізуге қатысты айтып берді.

1-11-сыныптарда бір бөлім бойынша жиынтық бағалау және бір тоқсандық жиынтық бағалау өткізіледі.Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 3-12 мамыр аралығында, тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) 17 маусымнан бастап өтеді.

Сондай-ақ ертеңнен (1 сәуір) бастап 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталып, осы жылдың 1 тамызына дейін жалғасады, - деді ол брифингте.

Биылғы оқу жылына 1-сыныпқа 26 мыңға жуық бала келеді деп күтіліп отыр. Ата-аналар құжаттарды eGov арқылы береді. 

Алғашқы 3 өтініш мектептің аумағында тұратын балалардан қабылданады. Біреуі ата-аналардың өтініші бойынша, яғни таңдау бойынша «3+1» деп қағидаты бойынша қабылданады, - деп түсіндірді Білім басқармасы басшысының орынбасары. 

1-сыныпқа қабылдауға мынадай өтініштер қажет:

1) Ата-аналардың өтініші;

2) Баланың туу туралы куәлігі;

3) Денсаулығы жөніндегі анықтамасы;

4) Баланың 3х4 форматындағы 2 дана фотосы.


Өзгелердің жаңалығы