Бүгін Астана мен Қарағанды, Теміртау және Ақтөбеде жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
2023 жылғы 18 наурызда Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.