Мемлекет басшысының Жолдауынан кейін Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына басымдық берілді. Үкімет алдағы үш жылда Арқалық қаласы мен екі ауданға бағытталған 165,5 млрд теңгелік кешенді жоспарды іске асырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзінше, Арқалық қаласында маңызды инфрақұрылымдық жоба — әуежай құрылысы. Терминал ғимараты салынып жатыр, инженерлік коммуникациялар жүргізілді. Жобаны 2026 жылғы шілде айында аяқтау жоспарланған.
Бүгінде Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын алдағы үш жылдық кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі жоспар бекітілді. Ол жалпы сомасы 165,5 млрд теңге болатын 51 іс-шарадан тұрады. Құжат өңірді дамытудың басым салалық міндеттерін жедел шешуге бағытталған, - дейді Ақсақалов.