Тоқаевтың уәкілі екі жылға той жасауды шектеу жайлы ұсыныс жасады

1 Шілде 2020, 18:10
2773
Бөлісу:
Тоқаевтың уәкілі екі жылға той жасауды шектеу жайлы ұсыныс жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин елімізде той жасауды шектеуді ұсынды.

Жаһандық пандемия бір жыл емес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болжағандай, 2022 жылға дейін созылуы мүмкін. Ғалымдардың көбі солай санайды. Егер адамдар жаппай ауырып қалса, ешқандай денсаулық сақтау жүйесі ауыртпалыққа төтеп бере алмайды. Егер қызметкерлер үйлену тойлары, мерейтойлар мен құдайы тамақтан кейін жұмысқа келетін болса, көптеген адамға жұқтырары анық.

Ол кезде бізді ешкім қорғамайды. Балабақшалар мен мектептердегі балалар - одан да көп. Балалар тез жазылады, бірақ бұл коронавирустың зардаптары неде екенін әлі ешкім білмейді. Балалар COVID-19 індетін үйге келіп, жақын адамдарына, ата-әжелеріне жұқтыруы мүмкін, - деді Аружан Саин.

Сонымен қатар, Саин атап өткендей, адамдар тіпті той үшін несие алады, ал қазір пандемия салдарынан экономикалық дағдарыс кезінде көптеген адам несиені төлеуге қиналады.

Бұның алдында Ақтөбелік филолог, саясаттанушы Оралбек Өтеғұлов тойға 5 жылдық мораторий жариялауды ұсынған болатын.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, 1 шілдедегі жағдай бойынша әлемде 10,5 миллионнан астам коронавирус инфекциясы анықталды, 500 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы