Тоқаевтың Түркияға сапары аяқталды: Президентті кім шығарып салды?

Мемлекет басшысының Анкараға ресми сапары мәресіне жетті. Әуежайда Қазақстан Президентін Түркияның жоғары лауазымды өкілі шығарып салды.

30 Қазан 2026, 17:05
АВТОР
 Ақорданың баспасөз қызметі 30 Қазан 2026, 17:05
30 Қазан 2026, 17:05
155
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына ресми сапары аяқталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президентін Анкара әуежайынан Түркия Республикасының Сауда министрі Өмер Болат және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен 28-30 қазан күндері Түркия Республикасына ресми сапармен барды. 

Сапар аясында Мемлекет басшысы Түркия Президентімен келіссөздер жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысып, онда түркі елдері арасындағы экономикалық, көлік-логистикалық және цифрлық ынтымақтастықты нығайту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты. 

Саммит қорытындысы бойынша Анкара декларациясы қабылданды. 

Наверх