Тоқаевқа Сатыбалдының ісіне қатысты мәліметтер айтылды

29 Ақпан 2024, 16:35
617
Бөлісу:
Тоқаевқа Сатыбалдының ісіне қатысты мәліметтер айтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында биыл ақпан айында бюджетке тағы да шамамен 82,6 миллиард теңге (185 млн АҚШ доллары) түскен.

Бұдан бөлек, Ақмола облысының Қосшы қаласындағы 942 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылған. Оның нарықтық құны 13 миллиард теңгеден асады.

Өзгелердің жаңалығы