Тоқаевқа автокөлікті заңдастыруға қатысты жаңа жоба таныстырылды

30 Маусым 2023, 16:11
542
Бөлісу:
Тоқаевқа автокөлікті заңдастыруға қатысты жаңа жоба таныстырылды
Фото: Ақорда

Президентке «Автокөлік құралдарын заңдастыру, жол-көлік апаты болған жерден материалдарды сақтандыру компанияларына беру» жобасы таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр. Осыған орай мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезекті оңтайландыру үшін өтінім қабылдауға арналған онлайн-сервис әзірленді.  Көлік құралына тексеріс түгелдей автоматты режимде жүргізіледі. 

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетпен және «Мемлекеттік кредиттік бюромен» бірлесіп, жол-көлік оқиғасы туралы материалдарды төлем жасау үшін сақтандыру компанияларына онлайн беру жобасын жүзеге асырды.

Өзгелердің жаңалығы