Тоқаев: Жаңа Конституция – елдіктің тірегі және халықтың ортақ таңдауы

Мемлекет басшысы бұл құжаттың тарихи сабақтастыққа негізделгенін атап өтті.

 Ақорда Кеше 2026, 22:09
Кеше 2026, 22:09
124
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жаңғыруы ең алдымен құқықтық негізді күшейтуден басталатынын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының айтуынша, шынайы өзгерістер саяси ұрандармен емес, құқықтық іргетасты жаңаша қалыптастырып, оны нақты бекітуден көрінеді. Осы тұрғыда қабылданған жаңа Конституция ел дамуының басты бағытын айқындайтын маңызды құжатқа айналады.

Елдің шынайы жаңаруы саяси ұраннан емес, құқықтық іргетасымызды жаңаша қалыптастырып, бекітуден басталады. Біз бір ел, бір жұрт болып осы аса маңызды жұмысқа кірістік. Жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, егемендігіміздің тұғыры болады. Оның әр бабы, әр тармағы елдігімізді нығайта түседі, – деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бұл құжаттың тарихи сабақтастыққа негізделгенін атап өтті. Қазақ даласындағы құқықтық дәстүрлер – Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы және Жеті жарғы – ұлттық құқықтық жүйенің терең тамырын айқындайды.

Президенттің пікірінше, жаңа Конституция – қазіргі тарихи және геосаяси жағдайға бейімделген, елдің болашағына бағытталған бірегей құжат.

– Бұл – азаматтарымыздың арман-тілегінен туған, шын мәніндегі Халық Конституциясы, – деді ол.

Аталған құжат Қазақстанның қуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде дамуына негіз болмақ.

Наверх