Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев: Вьетнам – Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
6 Мамыр 2025, 11:37
722
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Ламмен кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Менің шақыруымды қабыл алғаныңыз үшін зор алғысымды білдіремін. Бұл – қазақ пен вьетнам халықтарының достығы мен стратегиялық серіктестігін нығайтуға деген ортақ ниетіміздің айқын белгісі, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамды Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі деп атап, екі мемлекеттің даму жолындағы мақсаттарының ұқсастығына назар аударды. Сондай-ақ Вьетнамның 2040 жылға дейін әлемнің дамыған 25 елінің қатарына қосылуға деген ұмтылысын қолдайтынын жеткізді.

Бұл мақсатқа жету жолында Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге және бірлесіп жұмыс істеуге әзір. Бүгінде екі ел арасында сауда, экономика және инвестиция салаларындағы байланыс қарқынды дамып келеді. Қысқа мерзім ішінде бірқатар маңызды жобалар іске асырылды, – деді Мемлекет басшысы.

Президент алдағы уақытта да өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге толық мүмкіндік бар екенін айтты. То Ламның бұл сапары мен оның аясында қол қойылатын келісімдер қазақ-вьетнам қатынастарына тың серпін береді деп бағалады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақордада Вьетнам Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы То Ламды салтанатты қарсы алу шарасы өтті

Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вьетнам Қазақстандағы әуежайды сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы