Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды

Сапар аясында Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады.

 Ақорда Кеше 2026, 06:06
Кеше 2026, 06:06
562
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Вашингтон қаласына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады. Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттердің көшбасшыларымен және АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесулер өткізу жоспарланған.

Еске салсақ, кеше Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Вашингтонға баратынын және онда Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың не мәселені талқылайты жайлы хабарладық.

Наверх